duris ait ПЕРЗЕНТІ ЖОҚ АНАДАН СҰРАҢЫЗДАР...
Сол бойжеткен көргеннен бұрымды ұнап,
Екі ғашық үйленген жұбын құрап.
Күліп тұрып қосылған. .. он жыл өтті,
Екеуі де жылайды бүгін бірақ. .
Әкесі-әкім қалада, ағасы-сот,
Дүниемен көрмепті таласы боп.
Жастарының себебі он жыл болды,
Бесігінде тербеткен баласы жоқ.
Орнамады осы үйге бағы батқыр,
Бала болса жүруші ет жадырап бір.
Ажар қылып әкесі сыйлаған үй,
Мазар болып бұл күнде қаңырап тұр..
Атақты боп шықса да елеп есім,
Кеңітпеді тағдыры керегесін.
Кемпір- шал да алысқы ауылдағы,
Тәтті жинап, күтеді немересін..
Бір белгіні жатырса байқап алдан,
"Бала бер" деп ішінен айтады арман.
Бірақ қазір бақандай он жыл өтті,
Осы тілек күн сайын қайталанған.
"Айналар ем шіркін-ай ізгі анаға"
Дейді келін, жарысақ біз балаға.
Жетектеген сәбиді жанды көрсе,
Қызыға да қарайды қызғана да..
Қайғыларын болса да дос елеген,
Ұялады екеуі қос енеден.
Қол ұстасып екеуі көп жүреді,
Балабақша салынған көшеменен.
Сәби ғана екеудің алаңдары,
Көк жәшіктен айтылып хабарлары.
Бала сатты дегенді естігенде,
Жасқа толып кетеді жанарлары.
Содан кейін сөз таппай ұрсарына,
Ойға батып кетеді бір сарыла,
Бала сатқыш ананың сол баласын,
Сыйынады сыйлаш деп құрсағыма.
Кірпігіне жастары тіреледі,
Отағасы болғанмен бір егелі.
Әттең бірақ тағдырға шара бар ма?
Он жыл болды осылай тілегелі..
*#*#*#*#*#*#*#*#
Жанарлары жәудіреп қарақаттай,
Әр күн сайын күтеді жаңа бақты-ай.
Ай, өмір-ай біреу жүр бала сатып,
Біреулер жүр иіскер бала таппай..
Бұдан қандай мағына ұғамыз дәл,
Бәріміздің пендеміз күнәміз бар.
Бала сатқан саудагер безбүйректер,
Балалардың бағасы қанша екенін,
Перзентке зар әкеден сұраңыздар..
Перзенті жоқ анадан сұраңыздар...
Ерболат Қарақойшы